Сейсенбі, 30 желтоқсан, 15:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Премьер-министр теміржол жолаушыларына жақсы жаңалық берді

30.12.2025

52 0

Фото: pixabay

Премьер-министр Олжас Бектенов депутат сұрағына жауап бере отырып, бір жолаушылар пойыз маршрутын ұзарту жоспарлары туралы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Ол 2026 жылы 91 вагон жеткізілетініне тоқталды: Астана – Шымкент бағытына 2 құрам, Астана – Атырау бағытына 2 құрам және Астана – Жезқазған бағытына 1 құрам.

«Сонымен қатар, 2026 жылғы сәуірден бастап Маңғыстау облысын дамыту кешенді жоспарын орындау аясында Қарағанды – Жезқазған жолаушылар пойызының маршруты Ақтау қаласына дейін ұзартылмақ. Жалпы, 2030 жылға дейін шамамен 1 000 вагон жаңартылуы жоспарланып отыр», – делінген жауапта.

Сонымен бірге, Қарағанды – Балқаш облыстық пойыз құрамы 4-тен 6 вагонға дейін ұлғайтылды. Биылғы жылы жаз айларында, маусымнан тамызға дейін, қосымша 6 вагоннан тұратын Қарағанды – Балқаш облыстық пойызы күнделікті қатынады.

Одан бөлек, Бектеновтің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша күнделікті тікелей пойыз іске қосылған, құрамында екі вагон бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: