Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Премьер–министрдің кеңесшісі Сыр еліне жұмыс сапарымен келді

10.12.2024

66 0

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келіп, аймақтың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстардың барысын көрді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдымен «Қорқыт ата әуежайының» жаңа терминалымен таныстырды.

Терминалға «Болат Өтемұратов қоры» әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Әуежайдың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, автожол салуға, аумағын абаттандыруға, жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 4 млрд. 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Халықаралық талаптарға сай келетін жаңа нысанда ішкі және халықаралық рейстерге, транзиттік жолаушыларға арналған, CIP залдары, жүкті автоматты түрде беру жүйесі, «Duty Free» аймағы, сауда нүктелері, медпункт, кафе, ғибадат ету, жүк сақтау, ана мен бала бөлмелері бар. Екі қабатты ғимаратта сағатына 250 жолаушыға 10 төлқұжат бақылау кабинасы арқылы қызмет көрсетіледі.

Айта кетейік, «Қорқыт Ата әуежайы» соңғы 9 айда жолаушылар мен жүк тасымалында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Қаңтар-қыркүйек айларында әуежайда 264 506 жолаушыға қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артқан. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында рейстер саны 1420-ға жеткен. Бұл «Қорқыт Ата әуежайы» көрсеткіштерінің тұрақты өсімін және әуе тасымалының жоғары белсенділігін растайды.

Ермек Маржықпаев аса маңызды инфрақұрылымдық жоба – жаңа терминалдың ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді.

Жұмыс сапары аясында Премьер-министрінің кеңесшісі Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады деп жоспарлануда.

@ Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: