Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды.
Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады.
Қазақстан Президентінің баруына орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылған.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!