Жұма, 31 қазан, 23:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Президент саябағындағы серпінді құрылыс

31.10.2025

75 0

Қоғамдық этиканың көзтартар көрінісіне айналған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аймақта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қашан да ортақ жауапкершілікке қауымдаса кететін қызылордалықтар бұл бастаманы да ауызбіршілікпен еңсеруде. Жалпы, Сыр өңірі барлық сала бойынша байтақ республиканың төрінде көш бастап тұр.

Ел сұранысындағы әрбір істі ұтымды үйлестіретін облыс әкімі өңірдегі барлық саябақтар мен сквер-аллеяларды қайта жаңғыртуға пәрмен берді. Бүгінде Сырдың бас қаласындағы бірнеше саябақ абаттанып, халықтың қарасы үзілмейтін, отбасылық демалыс орындарына айналды. Көптің көңілінен шыққан берекелі бастама жүйелі жалғасын табуда. Соның бірі – Тұңғыш Президент саябағындағы абаттандыру және инфрақұрылымдық жұмыстар.

Президент саябағындағы серпінді құрылыс
Президент саябағындағы серпінді құрылыс
Президент саябағындағы серпінді құрылыс

Мұнда жобада көрсетілгендей 3 аллея, 6 субұрқақ, 5 амфитеатр, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт және 4 workout, 7 демалыс аймағы, 4 фудкорт, теннис үстелдері, биіктігі 50 метр болатын ойын-сауық аттракционы салынуда. Одан бөлек, бұл аумақта би алаңы, стритбол, вело және жүгіру жолақтары, сахна, сарқырама каналдары мен олардың үстінен өтетін көпірлер, шахмат, баскетбол және футбол алаңдары, арқан саябағы мен модульдік санитарлық нысандар түсуде. Ірі жобаны «Bi Global» компаниясы жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, саябақ ішінде жыл бойы жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагерінің және Ботаникалық білім беру орталығының құрылысы жүруде. Осы аумақтың алқасында спорт блогы, іс-шараларға арналған event-аймақ, тұрғын корпустар, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимараттар, дәстүрлі киіз үйлер, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы және сахна салу қарастырылған. Жобаны «Alem Qurylys AQ» ЖШС-гі атқаруда.

Президент саябағындағы серпінді құрылыс
Президент саябағындағы серпінді құрылыс
Президент саябағындағы серпінді құрылыс
Президент саябағындағы серпінді құрылыс

Бүгін аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов пен қала әкімі Нұржан Ахатов аталған аумақта болып, жұмыс нысанын аралап көрді. Мердігер мекемелердің басшыларымен кездесіп, құрылыс қарқынын арттыруды және нысандарды сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Айта кету керек, бұл жобалармен қатар Сырдария өзені үстінен Президент саябағы мен Астана шағын ауданын байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі салынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: