Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктің жұмысына баға берді, – деп хабарлайды KAZINFORM.
– Ұлттық банк жұмысын мандатына сай жүргізіп отыр, бұл түсінікті. Жұмыс ағымдық режимде жүріп жатыр. Әрине, мәселелер бар. Бірінші кезекте адамдарды ұлттық валюта бағамының құбылмалылығы алаңдатады. Сарапшылар Америка долларының нығаюына байланысты теңге бағамына қысым болады деп күтіп отыр. Валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жалпы инфляцияны ауыздықтау – аса маңызды жұмыс. Тіпті қазір негізгі жұмыс деп айтуға да болатын шығар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Ұлттық банкке бұл бағытта Үкіметпен тығыз әріптестікте жұмыс жүргізуді тапсырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!