Топ-баннер2

Жұма, 13 наурыз, 12:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

13.03.2026

48 0

Фото: Қызылорда қаласында пробация қызметі

Қызылорда қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанға әлеуметтік көмек көрсетіліп, мүгедектік арба табысталды.

Пробация қызметі есептегі азаматтардың тек бақылауын жүргізіп қана қоймай, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге де ықпал етеді. Осы бағытта Қызылорда қалалық пробация қызметкерлері есепте тұрған, денсаулығына байланысты жүріп-тұруы қиын азаматтың жағдайына назар аударып, оған мүгедектік арбасын алып беруге көмектесті.

Аталған азамат денсаулығына байланысты еркін қозғала алмайтындықтан, күнделікті тұрмысында көптеген қиындықтарға тап болған. Пробация қызметкерлері жергілікті мекемелермен бірлесіп, қажетті құралды алып беруді ұйымдастырды.


“ Мен пробация қызметінің көмегімен мүгедектік арбаға қол жеткізгеніме қуанып отырмын. Осындай қамқорлықтың арқасында өзімді қоғамнан тыс қалғандай сезінбеймін. Көмек көрсеткен пробация қызметіне алғысым шексіз», – деді есептегі азамат.


Мүгедектік арбасының табысталуы сотталған азаматтың қозғалу мүмкіндігін жеңілдетіп, оның қоғамға бейімделуіне оң әсерін тигізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: