Жұма, 22 қараша, 05:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Пробация қызметі есебіндегілер спорттық сынға түсті

06.12.2022

651 0

Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығында қол күрес пен гір тасын көтеруден спорттық турнир өтті. Оған  пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Спорттық шара қазақ зиялылары Ахмет Байтұрсынұлының 150  жылдығы мен Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы және Роза Бағланованың 100 жылдығына байланысты ұйымдастырылды.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген шараға жастар белсенді атсалысты. Әрбір жас спортқа жақын екендерін көрсетті.

Маңызы зор шараға қалалық дене шынықтыру бөлімінің мамандары, пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Р.Алимов, қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Қ.Алтынбеков, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.Нұртазаев, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы қызметкерлері қатысты.

 – Алдағы уақытта да сотталғандардың қатысуымен түрлі спорттық мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Бұл – бұқаралық спортты дамытудың айқын көрінісі. Жыл сайын шараның ауқымын кеңейтіп, мән маңызы арта түспек, – дейді «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орынбасары Орынбасар Әділ.

Жарыс қорытындысында жеңімпаздарға алғыс хатпен медальдар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: