Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторлары есептегі тұлғалар мен олардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың түзелуіне ықпал ету, ата-аналардың қолдауын күшейту және әлеуметтік бейімделу процесін оңтайландыру.
Кездесу барысында пробация қызметінің мамандары сотталғандарға қатысты бақылау мен қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Әңгіме барысында есептегі тұлғалардың тәртібін түзету және олардың қоғамға қайта бейімделуі үшін отбасы мен жақындарының рөлі ерекше екені айтылды.
Инспекторлар сотталғандардың ата-аналарына пробация қызметінің мақсаттары мен міндеттері туралы толыққанды ақпарат беріп, заң бұзушылықтардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, қайта құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін сотталғандарға қандай психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілетіні жайлы мәліметтер берілді.
Іс-шара соңында ата-аналар пробация қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, кеңес алып, алғыстарын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!