Сейсенбі, 26 тамыз, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64,2177
26.08.2025
PDF мұрағаты

Профилактикалық жұмыстар нәтижесі

26.08.2025

43 0

Бүгінгі күні Әдеп жөніндегі кеңестің атқарып жатқан жұмыстарынан қоғам БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы құлағдар болуы мүмкін.
Жалпы Әдеп жөніндегі кеңес немен айналысады деген сұраққа қысқаша жауап берер болсақ, Кеңес сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарайды.

Осы жыл басынан Әдеп жөніндегі кеңестің 6 отырысы өткізіліп, онда барлығы 29 мәселе қаралды. Оның 7-уі тәртіптік іс болса, қалған профилактикалық бағыттағы мәселелер бойынша 22 мемлекеттік орган басшылары мен әдеп жөніндегі уәкілдердің есептері тыңдалды. Тыңдау нәтижесімен мемлекеттік орган басшыларына қызметтік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығын арттыру бағытында 105 ұсыным жолданды. Сонымен қатар, тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау нәтижелерімен 6 мемлекеттік қызметшіге заңсыз қолданылған тәртіптік жазаларының күші Кеңес шешімдерімен жойылып, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Кеңесте қаралған 7 тәртіптік істің 6-уы бойынша тәртіптік жазалар қолданылған болса, 1 тәртіптік іс тоқтатылды. Оның ішінде әдеп нормаларын бұзғандары үшін 3 мемлекеттік қызметшіге ескерту, сөгіс түріндегі тәртіптік жазалар қолданылса, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін 3 мемлекеттік қызметшіге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, қызметтік әдепті бұзушылықтың алдын алу және әдепсіз мінез-құлық деректерін болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында жыл басынан 106 семинар-кездесулер ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы жүргізілген профилакталық жұмыстардың нәтижесінде Кеңесте қаралатын тәртіптік істердің саны жылдан жылға азайып келеді. Мәселен, 2022 жылы Кеңесте 45 тәртіптік іс қаралған болса, одан кейінгі жылдары бұл істердің саны үш есеге азайғанын байқауға болады.
Профилактикалық бағыттағы осы атқарылған жұмыстар және мемлекеттік қызметшілердің әдебіне қойылған жоғары талаптардың арқасында мәдениеті жоғары, әдепті, адал мемлекеттік қызметшілердің қалыптасары сөзсіз.

Мирамкүл Бибітова,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: