Сейсенбі, 22 шiлде, 21:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Прокурор Перизат Қайратты 10 жыл, анасын 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

22.07.2025

89 0

Прокурор Перизат Қайратты 10 жыл, анасын 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана сотында прокурорлар «Birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі, волонтер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қандай жаза сұрайтынын мәлімдеді.

Прокурор Арман Қызыкен сотталушыларға қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеп, нақты мерзіммен бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті.

Айыптау тарапының ұстанымы бойынша:

Перизат Қайратқа — 10 жыл бас бостандығынан айыру,

Ғани Алашбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Сонымен бірге, мемлекеттік айыптау қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлікті тәркілеуді талап етіп отыр. Тәркіленген мүліктен түскен қаражат жәбірленушілерге берілмек.

Тергеу аясында Перизат Қайрат пен Ғани Алашбаева ҚР Қылмыстық кодексінің мынадай баптары бойынша айыпталып отыр:

190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ — аса ірі мөлшердегі алаяқтық;

218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ — қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы заңдастыру (жылыстату);

218-бап, 3-бөлім, 3-тармақ — аса ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті адамдар тобының заңдастыруы (жылыстатуы).

Бұған дейін соттағы сөзжарыста мемлекеттік айыптаушы Мадина Оразалина Перизат Қайраттың ісі әлеуметтік тұрғыдан сезімтал тақырыптарды бас пайдасына қолдануға тырысатындарға сабақ болуы керегін айтқан еді.

Еске сала кетсек, Перизат Қайрат дайын диплом сатып алғысы келген әрекеті туралы жазған едік. 

Сондай-ақ куәгер Перизат Қайрат қор қаржысын қалай қолма-қол ақшаға аударғанын айтып берді. 

Сот барысында әйгілі әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің есімі аталды.

Белгілі болғандай тасқын кезінде Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкерлері 2,9 млн теңге жолдаған. 

Істі қарау кезінде Перизат Қайрат жетекшілік еткен қорға қаржы аударған 47 адам жәбірленуші деп танылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: