Сейсенбі, 01 шiлде, 22:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Психолог мамандар сотталған азаматтарға тренинг өткізді

01.07.2025

48 0

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің психолог мамандары сотталған азаматтарға «Қарым-қатынас, өзара іс-қимыл және өзара түсіністік» тренингін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жазасын өтеуші азаматтардың мінез-құлқын сырттай бағалап, өзгелермен қарым-қатынасын түзету.

– Тренинг барысында көптеген сотталушы жан дүниесіндегі сырымен бөлісіп, ішіндегі өшіп бара жатқан «махаббат, жылулық, адалдық» сезімдерінің бір ұшқыны болса да қалғанын айтты. Тіпті, көз жасына ерік бергендер де болды. Әрине, қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан жандарға ашылып сөйлесу үшін бұл тағы бір мүмкіндік. Өз ойларын ашық айтып, сергіту сәтінде өздерін еркін сезінгендері бізді қуантты, – деді психолог Кульбаева Шынар.

Шара барысында жазасын өтеуші азаматтарға «Мен кіммін?», «Жылыту», «Үш сөз» тренинг жаттығуларын ұйымдастырды. Қорытындылау барысында шеринг әдісі қолданылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: