Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Психолог: үйлену жылдан-жылға азайып барады

15.02.2024

667 0

Сурет: qazaqstan.media

Aqmeshit-aptalygy.kz – Отбасылық психолог Ержан Мырзабаев министрліктің алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға ұсыныс айтты, деп хабарлайды baq.kz.

Өзіңіз білесіз, Жастар және отбасы комитеті сіздің министрлікке қарайды. Қазақтың дана сөзі бар «Отбасы – кішігірім мемлекет, мемлекет –  үлкен отбасы». Ішіндегі проблемалары да бір-біріне қатты ұқсайтын болады. Соңғы жылдары елімізде ажырасудың көбейіп бара жатқанына құлағымыз үйреніп қалды. Тағы бір проблема – жылдан-жылға үйленудің азайып бара жатқаны, – деді маман.

Осыған байланысты министрге жастар арасында отбасын құндылықтарын дәріптеу жұмысын қолға алуды ұсынды. 

Университеттерде, мекемелерде отбасы құндылықтарын дәріптеу іс-шараларын ұйымдастыруға назар аударсақ. Қазір медиа, кино саласы осы бағытта жеткілікті дәрежеде жұмыс істеп жатқан жоқ. Келіндердің кемсітілуі, отбасылық өмірді қиындатып көрсету, үйлі болу үшін ажырасу керектігі, ажырасып, жалғызбасты болу материалдық тұрғыдан әлдеқайда пайдалы екенін көріп жатыр, – деді Мырзабаев.

Ол сөз соңында отбасы құрмас бұрын отбасы құруға кандидаттарды арнайы отбасы курстары арқылы оқыту, отбасылық өмірге жан-жақты дайындауды ұсынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: