Сенбі, 10 мамыр, 19:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34,2147
10.05.2025
PDF мұрағаты

Психологиялық көмек беру шаралары жүйелі жүргізілуде

28.01.2025

117 0

Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда.

27 қаңтар күні мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының психологы Салтанат Кеңестің  ұйымдастыруымен сотталғандар арасында метафоралық ассоциативті карталарды қолдана отырып, консультациялық және коррекциялық жұмыстар жүргізілді. Сотталған азаматтарға метафоралық карталарды пайдаланудың негізгі мақсаты – сотталғандардың жеке психикалық жағдайын сурет арқылы бейнелету. Осы арқылы сотталған азаматтардың бейсаналық сана деңгейі анық білінеді және ашық сұхбаттасуға көмегін тигізеді.

Қорытындылау барысында ой бөлісу кезеңі жүргізіліп, сотталған азаматтар алған әсерлерімен бөлісіп, ішкі күйлеріне саяхат жасады.

– Психологпен сөйлесу барысында, ішімдегі ешкімге айта алмайтын сырымды ашық айтып, жеңілдеп қалдым. Қолдау білдірген психолог маманына рахметімді айтамын, – деді сотталған азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: