ЗК-169/5 мекемесінде сотталған азаматтарға психологиялық көмек көрсетілді. Онда психологтар мен теолог мамандар бірлесіп «Майд машинаның» көмегімен түзеу жұмыстарын жүргізді. Яғни, жазасын өтеуші азаматтарға арнайы құлаққап пен көзілдірік кигізу арқылы жай-күйлерін қалыпты деңгейге қалыптастырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша психорелакциялық аппаратын әр адам әртүрлі қабылдайды. Соған қарамастан сотты болғандар ерекше әсерде болғандарын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!