Шымкентте ер адам өз анасын қатігездікпен өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«KopSoz» Telegram арнасы хабарлағандай, қылмыс күні кеше, 12 қаңтарда сағат 02:50 шамасында Жабаев көшесіндегі жеке үйлердің бірінде болған. Бұрын сотталған әрі психикалық ауытқуларға душар болған ер адам жанжал шығарып, анасын пышақтап өлтірген. Қылмыс жасаған соң мәйітті аулаға шығарып, өртеп жіберген.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1994 жылғы ер адам қамауға алынды.
«Оқиға орнынан әйелдің денесі табылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған», делінген полиция түсініктемесінде.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!