Дүйсенбі, 02 қыркүйек, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№69-2079
30.08.2024
PDF мұрағаты

«Қабылданған заңдар халықтың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізбек»

02.09.2024

76 0

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сегізінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясы өтті. Басқосуда президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Бірлескен отырысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры, іскерлік әкімшіліктендіру докторы Жандос Базартай қатысты.
«Мемлекет басшысы өткен сессияда атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Қабылданған заңдар халықтың әл-ауқатының жақсаруына, түйткілді мәселелердің түйінін шешуге септігін тигізуде. Енді биылғы Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды. Әсіресе, жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аудару керектігін тапсырғаны ұнады. Осы арқылы сала мамандарының мәртебесін көтеріп, жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туады деп ойлаймын. Бұдан бөлек цифрландыру саясатын қарқынды дамыту тапсырылды. Соның ішінде жасанды интеллектіні барлық салада тиімді пайлану қолға алынбақ. Бұл бағытта біздің оқу орнында алғашқы қадамдар басталып кетті. Былтыр Президенттің тікелей тапсырмасымен Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетімен бірлесіп «Жасанды интеллект және информатика» институты ашылды. Ағымдағы оқу жылына ҚР ҒЖБМ 100 грант бөлінді. Енді осы бағытта жұмыстар әрі қарай жалғасын тауып, білікті кадр даярлауда еңбегіміз өз жемісін береді деп сенемін»,-деді Жандос Нұртайұлы.
Бірлескен отырысқа Сенаттың 46 депутаты және Мәжілістің 95 депутаты қатысты. Сонымен қатар жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары шақырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: