Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қай министрліктің жемқорлық бойынша көш басында екені анықталды

18.11.2024

376 0

Фото: depositphoto, Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қай мемлекеттік органда жемқорлық дерегі көп тіркелгенін атады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауапта айтылған.

Антикор жауабына сүйенсек, биыл 10 айда жемқорлықпен әшкереленген адамдардың ең көп саны Ішкі істер министрлігінде (93), Ауыл шаруашылығы министрлігінде (29), Қаржы министрлігінде (27) және Денсаулық сақтау министрлігінде (14).

Қай министрліктің жемқорлық бойынша көш басында екені анықталды

Massaget.kz коллажы

Еске салайық, бұған дейін жемқорлық дерегі көп тіркелген өңірлер туралы жаздық. 

Антикор мәліметінше, биылғы 10 айда тіркелген жемқорлықтың ең көп саны Шымкент (87), Астана (83) қалаларында, сондай-ақ, Алматы (67) және Абай облыстарында (55).

Агенттік өкілдері бұл өңірлерде көбіне қай салада жемқорлық дерегі көп анықталғанын да айтты:

  • Шымкент қаласында Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласында 9 қылмыс, білім беру саласында 7 қылмыс тіркелген.
  • Астана қаласында білім беру саласында 13;
  • Алматы облысында білім беру саласында 21;
  • Абай облысының ауыл шаруашылығы саласында 6 жемқорлық қылмысы тіркелген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: