Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстанның қай өңірінде пара жиі беріліп, алынатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 1 346 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, оның 1015-і (75 пайызы) сыбайлас жемқорлыққа қатысты.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ең көбі Астана (155 оқиға), Шымкент (89) және Алматы (66) қалаларында тіркелген. Сондай-ақ Алматы облысы (68) және Абай облысы да (54) бар.
Тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар саны бойынша өңірлер арасында көшбасшылар мыналар:
- Астана – 155;
- Шымкент – 89;
- Алматы – 66;
- Алматы облысы – 68;
- Абай облысы – 54;
- Шығыс Қазақстан облысы – 53;
- Павлодар облысы – 51;
- Түркістан облысы – 49;
- Қарағанды облысы – 47;
- Жамбыл облысы – 45;
- Қызылорда және Қостанай облыстары – 44-тен;
- Ақтөбе облысы – 41;
- Атырау облысы – 34;
- Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары – әрқайсысы 30;
- Ақмола облысы – 24;
- Маңғыстау облысы – 22;
- Жетісу облысы – 49;
- Ұлытау облысы – 20.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!