Жұма, 09 мамыр, 14:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Қайғылы жағдайдан кейін әкім қызметінен кетті

17.04.2025

432 0

Шымкентте алты жасар бала шұңқырдағы суға құлап қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін әкімдік тарапынан бірнеше лауазымды тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға биыл 12 сәуірде Қаратау ауданының Тұран шағынауданында болған. №10 көшеде бала су жиналып қалған шұңқырға құлап кетіп, көз жұмған.

Қайғылы жағдайға байланысты Шымкент әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым саласына жетекшілік ететін орынбасарына сөгіс жарияланды. Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысына қатаң сөгіс берілді. Қаратау ауданының әкімі Рахманбек Мүлкеманов қызметінен босатылды.

«Мүлкемановтың қызметтен босатылуына бұған дейін жұмысында анықталған олқылықтар мен осы қайғылы оқиға негіз болды. Бұл жағдай кадрлық шешім қабылдауға соңғы себеп болды», – деп жазылған Шымкент әкімдігі хабарламасында.

Шымкент әкімдігі мәліметінше, абаттандыру және күтіп-ұстауға жауапты мердігер ұйымдардың басшылығына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң іс материалдары сотқа жолданады.

Әкімдік өкілі әрбір кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: