«Наурызнаманың» онкүндігі аясындағы Қайырымдылық күніне орай игі шара ұйымдастырылды. Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Тәубақабылұлы арнайы барып, тұрғындарды Қайырымдылық күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ізгі дәстүр аясында қоғамдағы жанашырлық пен өзара көмек құндылықтары дәріптеліп, қайырымдылық жасау – халқымыздың сан ғасырдан келе жатқан асыл дәстүрлерінің бірі екені айтылды.
Өз кезегінде тұрғындар көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың қоғамдағы мейірімділік пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
Мұндай тағылымды шаралар адамдарға құрмет көрсетіп, қоғамдағы бірлік пен жанашырлықты нығайтуға бағытталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
