Сәрсенбі, 20 қараша, 07:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

15.03.2023

1584 0

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Ал мұқтаж жандарға қамқорлық жасау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз.

«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Сабалақ» саяжайында әлеуметтік аз қамтылған, жалғызбасты, қамқоршысынан айырылған, мұқтаж отбасыларға арналған «Көшпелі әлеуметтік жәрмеңке» өткізілді. Жәрмеңке барысында орталықтың әлеуметтік дүкенінде жинақталған жаздық, қыстық киімдер, балалар киімдері және аяқ-киімдер тұрғындарға тегін таратылды.


Әлеметтік көмек алуға құқылы аз қамтылған, көпбалалы басқа да санаттағы отбасыларға көмек қолын созуды мақсат еткен жәрмеңкеде 30-ға жуық отбасы өздеріне қажетті киім-кешектерін алып, шексіз ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта мұндай игі шаралардың жалғасын табуын сұрады.
Сауапбы мол шарада «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің мамандары Аман Бақыт пен Нұрсұлтан Дюсембаев және «Отбасы» банкі Қызылорда облыстық филиалының маманы Маржан Алигентова саяжай тұрғындарына өз салалары бойынша тегін кеңес беріп, сауалдарына жауап берді. Алдағы уақытта қайырымдылық бағытындағы көшпелі жәрмеңкені Тасбөгет кентінде өткізу жоспарланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: