Сенбі, 23 қараша, 01:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі БАҚ өкілдерін мерекелерімен құттықтады

28.06.2023

1012 0

Қадірлі қаламгерлер, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде ақпарат құралдарының ықпалымен әлемнің келбеті өзгерді. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың рухани астанамыз – Түркістан төрінде өткен Ұлттық Құрылтайда «Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ, билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады»- деп, заманға сәйкес ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту туралы тілге тиек еткені баршаңызға мәлім.

Қазір бұқаралық ақпарат құралдарындағы дәстүрлі ақпарат тарату үлгісіне де көптеген өзгерістер енді. Сыр бойы журналистикасы да цифрлы технологиялар кезеңіне тез бейімделіп, жаңа медианың ағымына ілесті.

Қос телеарнамыз бен мерзімді басылымдарымызда сапалы контенттер, уақыт шежіресі, таңдамалы тақырыптар кәсіби шеберлікпен жеткізіліп, қоғамдық сананы қалыптастыруда жүйелі жұмыстар атқаруда.

Әрине, журналистикадағы мықтылық – ашықтық, баламалы пікір, жылдамдық әрі дәлдікпен өлшенеді десек, Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтардың жігін бұзбай бұқараға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Қалам ұшындағы құдіретті жүрегімен түйсінген Сіздердің әрбіріңіз қандай сый-мәртебеге болса да лайықтысыздар.

Мерейлі мереке құтты болсын, ұшқыр қалам иелері! Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, еңбектеріңіз жемісті болғай!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: