Жұма, 22 қараша, 03:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі мерекемен құттықтады

14.03.2023

1002 0

Қадірлі ағайын! Көктемнің алғашқы лебін ала келіп, халықты елдік пен ынтымаққа шақыратын қасиетті Амал мерекесі баршамызға құтты болсын!​ Ешкім де ежелгі ерегесін, ескі кегін қозғап ақы алмайтын, өткен жылғы өкпесін, өкінішін жаңа жылға арқалап апармайтын, ел-жұрт жасың құтты болсын деп ақ ниетпен құшақ жая көрісетін Амал мерекесінің халқымыз үшін орны бөлек.​ Расында, Амал – халықтық мереке. Себебі бұл күні елдің бірлігі бекемделіп, берекесі мен ырзығы артады. Бабаларымыздың өткені мен бүгінгі ұрпақтың арасындағы ұлы көштің, дәстүр мен салттың, елдіктің ерен үлгісін айшықтап көрсетер ерекше мейрам қазіргі таңда бүкілқазақстандық деңгейде тойланып, тамырын тереңге жайып келеді.​

Ел Президенті «Ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі» деп бағалаған бұл мереке қашан да ағайын мен бауырдың риясыз көңілін, алғаусыз пейілін көрсететін ізгіліктерге толы күн болып қала бермек.​ Халықтың бір-біріне деген жақсы ниеті мен ыстық ықыласынан туындаған осынау ғажап күні елімізге тыныштық, әр отбасыға ырыс-құт, баянды бақ-береке тілеймін.

Ізгі ниетпен, Қызылорда қаласының әкімі А.Шаменов

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: