Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді

22.02.2023

798 0

Қала әкімі Асылбек Шаменов қалалық қоғамдық кеңес мүшелері алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер турасында есеп берді.​

Алдымен шаһар басшысы көпшіліктің көкейіндегі мәселені қозғап, елдің мүддесін қорғап, халықтың мұң-мұқтажын құзырлы орындарға жеткізуде қоғамдық кеңестің рөлі зор екенін атап өтті.

​- Әр саланың өкілдерінен құралған бұл белсенді ұйым – билік пен азаматтық қоғамды байланыстырушы буын, алтын көпір. Қоғамдық кеңес мүшелерінің көтерген әрбір мәселесі – ол тұрғындарымыздың талап-тілегі, үні, – деді Асылбек Өмірбекұлы.​

Жиында қала әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстардың барысын айтып, ауқымды жобалардың жайына тоқталды.​​Кездесу ұзын-сонар баяндамасыз, сұрақ-жауап диалогы ретінде өрбіді. Өз кезегінде қоғамдық кеңес мүшелері ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, қала басшысының қолға алған игілікті бастамаларына сәттілік тілеп, шаһардың дамуы үшін бірлесіп жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: