«Қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия» отырысы өткізілді.

Отырыста төрт мәселе қаралды:
- Оқу-тәрбие процесінде, білім беру ұйымдарында отбасылық құндылықтарды насихаттау, тәрбиесі қиын оқушыларға психологиялық-құқықтық кеңес беру және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін шешу бағытында атқарылған жұмыстар туралы.
- Қыз-келіншектер арасында спорттық сайыстар ұйымдастыру және қыз балаларды спорттық үйірмелермен қамту бағытында атқарылған шаралар туралы.
- Ана мен баланың жай-күйі, қала тұрғындарын скринигтен өткізу, жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелері және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы.
- Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккен әйелдер мен балаларды қорғау және қолдау көрсету мақсатында атқарылған шаралар мен алға қойылған нақты міндеттер туралы.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті мекемелер мен дербес бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!