Сенбі, 06 шiлде, 05:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53-2063
06.07.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

13.06.2024

164 0

Бүгін қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаевтың төрағалық етуімен өткен қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында екі мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстарға және «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне кеңінен тоқталып өтті.

Келесі мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбаева көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі әйелдерге көмек көрсету және олардың жұмыспен қамтылуы бойынша айтып өтті.

Кеңес барысында көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар әйелдерге көмек көрсету және олардың жұмыспен қамту шараларын тұрақты жалғастыру пысықталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: