Осы аптада қала әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Қала әкімі Асылбек Шәменов «орталықтан – өңірге» ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен келіп, Қызылорда қаласы әкімдігінде экономика және қаржы, ауылшаруашылығы мен жер, кәсіпкерлік салаларына жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Ермеков Дінмұхаммед Жандарбекұлын таныстырды.
Осы уақытқа дейін экономика және қаржы, ауылшаруашылығы мен жер, кәсіпкерлік салаларын жетекшілік етіп келген қала әкімінің орынбасары Сейілов Жанмұрат Жақсымұратұлы мәдениет және спорт, қоғамдық даму мен әлеуметтік мәселе және білім салаларына басшылық ететін болады.
Мұнан соң Асылбек Өмірбекұлы қаланың қаржы саласының дамуына лайықты үлесін қосып, қаржы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келген Айменов Сейтмахан Нұрәліұлына құрметті зейнет демалысына шығуына байланысты Қызылорда қаласының «Құрмет грамотасын» табыстады.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!