Қала аумағында кәмелет жасына толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу және олардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Ойын-сауық орындарын аралау барысында мобильді топ мүшелері тарапынан 3 жасөспірім анықталды. Заңды өкілдеріне хабарлама беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2 ойын-сауық орталығына кәмелет жасына толмағандарды түнгі уақытта қабылдағаны үшін әкімшілік хаттама рәсімделді.
Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!