Дүйсенбі, 25 тамыз, 16:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63,2176
23.08.2025
PDF мұрағаты

Қала мектептерінде қауіпсіздік күшейтіледі

25.08.2025

67 0

Жаңа оқу жылының басталуымен бірге ең өзекті мәселелердің бірі – балалардың қауіпсіздігі. Басты міндет – оқушылардың мектепке бару және қайту жолындағы амандығын қамтамасыз ету. Биыл қаладағы 339 мектепте 189 288 бала білім алады деп жоспарлануда. Демек, әрбір оқушының жолдағы, мектеп ауласындағы, сондай-ақ мерекелік шаралар кезіндегі қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейтін мәселе. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, жаңа оқу жылы қарсаңында ең алдымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Мейрамбек Манатов пен ОПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұркен Бақтияров баяндады.

– «Білім күніне» Полиция департаментімен арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, барлық жалпы білім беретін оқу орындарында, сондай-ақ, оған іргелес аймақтарда оқушылар арасында келеңсіз жағдайларды, жол көлік оқиғаларды алдын алу және іс-шара барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін облыс бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы – 594 қызметкер және 139 қызметтік автокөліктер жұмылдырылу жоспарланған. Іс-шараға бөлінген қызметкерлерден бөлек, жалпы қала және аудан орталықтарындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, паркте, скверлерде, орталық алаңдарда тәртіпті сақтауға тәулік бойына қосымша қызметкерлер қызмет атқаратын болады. Осы мақсатта, ата-аналар тарапынан балалардың беймезгіл уақытта, яғни сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық, қоғамдық орындар мен көшелерге шықпауын бақылау керектігін және бастауыш сыныбының, яғни 1-4 сынып оқушыларын сабақтан тек өздеріңіз алып қайтқандарыңыз абзал екендігін ескертіп өткім келеді, – деді Мұратбек Мейрамбекұлы.

– Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен оқу жылының басталуына байланысты, облысымыздың көше-жол тораптарының бойында орналасқан білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктерді қайта қалпына келтіру үшін қала және аудан әкімдеріне 30 хабарлама-ұсыныстар мен 177 нұсқамалар жолданды. Қазіргі таңда 67 дана жол белгілері мен 29 жердің жасанды тегіс-еместік қондырғылары қайта қалпына келтірілсе, жаңадан 72 дана жол белгісі орнатылып, 110 жерде жаяу жүргінші жол үсті таңбалары жаңартылды,– деді Нұркен Пірәлиұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: