Шара барысында жыл бойы белсенділігімен, еңбегімен және шығармашылығымен ерекшеленген 10 жас қала әкімінің арнайы жастар сыйлығымен марапатталды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған байқаулардың жеңімпаздары да марапат төрінен көрінді.
Биылғы жылы үздік деп танылған жастарға, сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенділігімен және оң үлгісімен танылған жас көшбасшыларға арнайы премиялар табысталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!