Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қалалық мәслихаттың ХХХ сессиясы өтті

16.01.2023

816 0

2023 жылдың 16 қаңтары күні Қызылорда қалалық мәслихатының 30-сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібіне «Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» және «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы», «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекіту туралы», «Қызылорда қалалық мәслихатының регламентіне өзгеріс енгізу, «Қалалық мәслихатының аппаратының Ержесіне өзгеріс енгізу», «Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасы бекіту туралы» мәселелер енгізіліп, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ергешбаев Әбдіқадыр, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Құрақбаева Кенжегүл, қала әкімі аппаратының басшысы Берлібек Ахмет хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауаптар берді.
Сессия барысында қала бойынша санаторий-курорттық емделу қызметіне 168 бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жылына бір рет ілесіп жүрушінің шығындарының көлемі 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленіп, бұл жөніндегі мәслихат шешіміне өзгерістер енгізілді.
«Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының «Мәслихаттарды құру, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру» туралы тарауындағы «хатшы» деген сөздер «төраға» деген сөздермен ауыстырылды.
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшылары, қалалық дербес бөлімдер мен мекемелердің басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия отырысына қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев төрағалық етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: