Дүйсенбі, 25 қараша, 11:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

21.12.2022

658 0

Биылғы жылдың 21 желтоқсанында қалалық мәслихаттың кезекті 28-сессиясы өтті. Сессияда «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу” , «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы», 2022 жылы қалалық мәслихатта атқарылған жұмыстар бойынша қалалық мәслихаты хатшысының есебі, қалалық мәслихат жанындағы бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі, 2023 жылға арналған қалалық мәслихаттың жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.

2022 жылы Қызылорда қалалық мәслихатының 10 сессиясы (4-і кезекті, 6-і кезектен тыс) өткізіліп, 40-жуық шешім қабылданды. Қалалық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың 16 отырысы өткізіліп, күн тәрбінде қаралған 30-дан аса мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдар назарына тұрақты комиссия қаулысымен 79 ұсыныс (бюджеттік комиссия –21, өндірістік комиссия – 23, әлеуметтік комиссия -35) берілді. Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттары тарапынан 2022 жылы 80 – депутаттық сауал жергілікті атқарушы органдар назарына ұсынылды. Бүгінде, 80 депутаттық сауалдың 43-і орындалды.

Сессия барысында қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев 2022 жылы депутаттардың ықпалымен шешімін тапқан мәселелерді атап өтті. Мәселен, депутаттық корпус қаланы аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 31 аяқ су ұңғымаларын қазу, «Бәйтерек» мөлтек ауданынан берілген жер учаскелерінің заң аясында пайдалану мерзімін ұзарту, Бәйтерек мөлтек ауданының ұзындығы 9 шақырымды құрайтын бірнеше көшелерін жөндеу, «Қызылжарма» каналынан «Бәйтерекке» өтетін көпірді салу, № 10 Ы.Алтынсарин атындағы лицей-мектебі күрделі жөндеуден өткізу, Титов мөлтек ауданы №173 мектеп жанындағы көшеге жарық бағаналарын орнату үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу, 2023 жылы Республикалық бюджет есебінен теміржолдың екі жағындағы Шұғыла, КБИ мөлтек аудандарын байланыстыратын жаяу жүргінші көпірін салу, «Болашақ», «Орбита», «Сабалақ», «Эдельвейс», «Еңбек», «Арай – Шұғыла», «Ақжарма» ауылдық округі аумақтарындағы тұрғын үй секторын электрмен жабдықтау, Қарауылтөбе және Талсуат ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клубтар салу, қаланың бірнеше аудандарында аула ішілік жолдарды жөндеу, Саяхат ауданындағы маңызды жолдардың бірі Айдосов көшесі, Коммунизм ауданындағы Маханбетов, Шанхай ауданындағы Исаев көшесін жөндеу, қоғамдық көлік мәселесі, тұрғындардың өтініштерін ескеріп қоғамдық көлік бағыттарын ашу, Ақжарма а/о қарасты Баймұрат батыр ауылындағы тұрғындар жаңадан қоныстанған аумағына электр желілерін тарту, тас жол салу, Желтоқсан-Толыбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдағы жағымсыз иісті жою мақсатында жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу сынды мәселелердің оң шешімін табуына жұмыстар жүргізді.

Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттарының құны 152,3 млн теңге болатын ең маңызды деген ұсыныстары ескеріліп, 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасына енгізілді.

Сессия барысында қала әкімі А.Шаменов сөз алып, облыс әкімінің бастамасымен сол жағалаудан 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы, «Жайлы мектеп» мемлекеттік бағдарламасымен облыс орталығынан заманауи үлгідегі 8 мектеп салынатындығын, «Қазгермұнай» ұлттық компаниясы басшылығы заманауи үлгідегі «Оқушылар Сарайының» жобасы, «Саутс Ойл» компаниясы келесі жылы 10 мың адамға арналған «Қайсар» футбол командасының жаңа стадионын салуға ниет білдіріп отырғандығын аттап өтті.

«Жағымды жаңалықтарымыздың тағы бірі – қаладан қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығының іргетасы қаланды. «Акса энерджи» түрік компаниясымен бірлескен жұмыстар 2025 жылы аяқталып, жаңа нысан ел игілігіне беріледі. Бұл арқылы қала аумағын жылу және электрмен толық қамтамасыз ете аламыз» – деді қала басшысы.
Сессия отырысына қала әкімінің орынбасарлары, тиісті қалалық дербес бөлімдердің басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия отырысына мәслихат хатшысы И.Құттықожаев төрағалық етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: