Бүгін қалалық мәслихаттың ХХХXV сессиясында бюджетті нақтылау қаралды. Сессияда қала әкімі Нұржан Ахатов бас шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджет жобасына тоқталды.
«Соңғы үш жылда бой көтерген озық үлгідегі әлеуметтік нысандар, халық сұранысына сай ашылған кәсіпорындар, өңір әлеуетін арттырар ірі инвестициялық жобалар қаламыздың дамуына тың серпін берді. Соған сай қала бюджеті 156,2 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,5 млрд. теңгеге немесе 38,6 пайызға артқанын көрсетеді», – деді Нұржан Сәбитұлы.
Сессияда келер жылғы бюджеттің көлемі ұсынылды. Бұл 2025 жылға бекітілген көлемнен 28,8 пайызға ұлғайып отыр. Халық қалаулылары күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
