Қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ құрылыс қалдықтарын тастау, ластау және нысан аумақтарын қалыпты жағдайда ұстамау, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері бойынша аралау жұмыстарын жалғастыруда.Аралау барысында талаптарды бұзып отырған бірқатар жеке тұрғын үй иелері мен кәсіпкерлерге түсіндірме жүргізілді.Айта кету керек, қала әкімдігі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізілуде. Ал, ескертуді елемегендерге тиісті шаралар қолданылуда. Сондықтан барша қала тұрғындарын өзіне тиесілі аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге және эстетикалық талапқа сай ұстауға шақырамыз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!