Жұма, 22 қараша, 12:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қаланың құрметті азаматы 80 жаста

16.02.2023

691 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дариха Ақмағамбетованы 80 жас мерейтойымен құттықтады.

Салтанатты жиында аймақ басшысы өңірдің өсіп-өркендеуіне еңбегі сіңген абзал жандардың жарқын жолы мен ғибратты ғұмырын өскелең ұрпаққа үлгі етіп, лайықты құрмет көрсету игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

«Құрметті Дариха Ақмағамбетқызы, Сізді ақ пейілді, дархан көңілді Сыр жұртшылығының атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Еңбек жолыңызды комсомол, партия ұйымдары өзіңізге жүктеген міндеттерді қапысыз атқарудан бастап, Тәуелсіз Қазақстанның еңсе тіктеуіне, ел бірлігі мен берекесін берік қалауға күш-қайратыңызды жұмсадыңыз. Адамгершілік, ақыл-парасат, даналық пен мейірбандыққа толы төл өнегеңіз ұрпаққа ұлағат болды. Қай кезде де жауапты қызметтің салмағын санамен, ауырлығын ар адалдығымен өлшей білген қасиетіңіз Өзіңізді құрмет төріне шығарды», – деді облыс әкімі.

Сыр елінің дамуына, әлеуметтік саланың, азаматтық сектор жұмысының алға жылжуына зор үлес қосқан  Дариха Ақмағамбетқызына Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы табысталды.

Мерейтой иесін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Парасат», «Құрмет», ордендерінің, «Ерен еңбегi үшiн» медалінің иегері Алмагүл Божанова, Арал, Жалағаш, Қармақшы аудандарының Құрметті азаматы, «ҚР еңбегі сіңген эколог» Биғали Қаюпов және Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, Нажмадин Мұсабаев құттықтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: