Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қалаулары – Алматының жақсы ауданынан үлкен үй алу екен: Журналист халық әншісі Н.Нүсіпжанов туралы шындықты айтты

04.09.2024

1012 0

Әлеуметтік желіде Қазақстанның халық әншісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйсіз жүргені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты әншіні қолдап, желіде біраз азамат жазба жарияланған болатын. Ал журналист Ася Асеткина желіде әншіні қолдап жазған постын өшіргенін айтты, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Журналист әнші Нұрғали Нүсіпжановтың кемшілігін айтып өтті.

«Достар, мен Нұрғали Нүсіпжанов туралы постымды өшірдім. Себебі, ағаның жағдайын жақсы білетін кісілердің айтуы бойынша, Нұрғали ағаға осыған дейін бір емес, бірнеше рет (әкімдіктен де, меценаттар да) үй сыйлаған екен. Бірақ олардың, жас жұбайы Жадыра екеуі ол алған үйлерін қанағат тұтпай, қалаулары – Алматының жақсы ауданынан, үлкен үй алу екен. Анығын біліп алмай, асығыс пост салғаным үшін өздеріңізден кешірім сұраймын», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: