Сәрсенбі, 08 қаңтар, 02:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Қалың қар жауып, көктайғақ болады.

06.01.2025

183 0

Синоптиктер Қазақстан бойынша 7, 8, 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Болжамға сәйкес, 7 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде Оңтүстік-Каспий циклонынан ылғалды ауа райы болжануда. Салдарынан елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қар, боран, қалың қар жауады.

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр) болжануда. Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады. 

Ал 8 қаңтарға қараған түні Батыс антициклоны ауа температурасын күрт төмендетеді. Салдарынан түнде республиканың солтүстік жартысында 15 -25 аязға дейін, оңтүстігінде 5 -15 дейін, Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында 20-25 аязға дейін болжануда.

«Алайда 9 қаңтарда түстен кейін ауа температурасы қайтадан көтеріледі: республиканың солтүстік жартысында 0 -5 аязға дейін, оңтүстікте 0 -5 жылуға дейін болады», – деді синоптиктер. 

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман мен көктайғақ болжануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: