Қазақстан Республикасы Конституциясының ең маңызды және алғашқы бабында еліміздің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Сондықтанда адамның құқықтары мен бостандықтарын әржақты қорғау – біздің мемлекетіміздің басты функциясы, ең бірінші мақсаты.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бас бостандығынан айырылған азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларының жұмысын үйлестіреді.
1998 жылы Қазақстан БҰҰ-ның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттер мен жазалауға қарсы Конвенциясын, 2008 жылы осы Конвенцияныңфакультативтік хаттамасын ратификациялады.
2013 жылы 2 шілдеде Мемлекет басшысы азаптауға қарсы Конвенцияның факультативтік хаттамасына сәйкес қабылдаған міндеттемелерді орындау мақсатында азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігін құру туралы Заңға қол қойды.
Ұлттық алдын алу тетігі құрылғаннан бері, он жыл ішінде оның қатысушылары құқық қорғау органдарының, пенитециарлық мекемелер әкімшілігінің жұмысында бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстау, азаптау, қатыгездік пен жазалауға байланысты бірқатар елеулі бұзушылықтарды анықтай алды.
Жыл сайын Ұлттық алдын алу тетігі қатысушылары 500-ге жуық алдын-алу қатысуларды жүзеге асырады. Әр қатысудың қорытындысы бойынша тиісті мекеме әкімшілігіне ұсынымдар жолданады.
Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы үкіметтік емес ұйымдардың Ұсынымдарының нәтижесінде Қылмыстық атқару жүйесінде қамаудағылардың құқықтық жағдайын жақсарту бағытында үлкен жұмыстар жасалды.
Мәселен, медициналық қамтамасыз ету функциясын Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру мәселесі толықтай шешілді. Бұл түрме реформасының маңызды қадамы болды. Яғни, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап пенитенциарлық мекемелердегі медициналық бөлімшелердің барлығы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына өтті.
Бүгінде сотталғандарға медициналық көмек 85 емдеу мекемесінде көрсетіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 45 572 сотталушыға медициналық көмек көрсетілсе, оның 44 608-і амбулаторлық, 964-і стационарлық ем алған.
Қол жеткізілген ілгерілеушіліктерге қарамастан, үйлестіруді және тұрақты бақылауды талап ететін шешілмеген мәселелер әлі де бар. Олардың ішінде медициналық қызметтерді көрсетуді бөлек ашық есепке алу қажеттілігі, медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту, оларға тегін шұғыл стоматологиялық көмек көрсету, әсіресе денсаулығына байланысты қылмыстық-атқару жүйесінен босатылған тұлғалар үшін медициналық көмек көрсетудің қажеттілігі және т.б. мәселелері бар.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іс жүзінде саяси деңгейде азаптауларға қарсы соғыс жариялады. Ол бұл әрекеттің біздің қоғам үшін мүлдем жат екенін жеткізді.
Қазақстанда азаптау үшін қылмыстық жауапкершіліктің бұрыннан бар, дегенмен азаптауларды болдырмау және ондай фактілерді тергеудің тиімділігін арттыру мақсатында 2023 жылдан бастап азаптау істерін тергеуді прокуратураның айрықша құзыретіне берді және азаптауларға қатысты жаза күшейтіліп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е.Ластаев және оныңөңірлердегі өкілдері қамаудағылардың құқықтары мен оларды ұстау жағдайларының сақталуын бақылау үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне үнемі барып тұрады.
Уәкіл назар аударатын негізгі аспектілердің бірі – бейнебақылауды қолданудың тиімділігі. Қазіргі таңда түзеу мекемелерінің барлығында дерлік соқыр бұрыштарды бейнебақылаумен қамтамасыз ету 100%-ға жуықтады. Барған кезде ең бірінші назар аударылатын мәселе, бұл бейнекамералардың жабдықталуы, бейнекамералардағы жазбалар тікелей прокуратура мен қылмыстық атқару жүйесі комитетіне түсуі, қылмыс (азаптау) жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершіліктен құтылмауын қамтамасыз етуге қатысты шара қолданылатындығы қаралады.
Сонымен қатар, барлық колонияларда шағым түсіруге арналған электронды терминалдар орнатылған. Сотталғандар тікелей сотқа және қадағалау органдарына шағымдана алады, бұл түрме әкімшілігі тарапынан цензураны жояды. Олар терминал арқылы бірнеше рет басу арқылы Бас прокуратураға немесе Ішкі істер министрлігіне хабарласуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген жүйелік қолдаумен жабдықталған. Сондай-ақ, сотталушы өзінің процессуалдық мәселелері бойынша сот органдарына өтініш жаза алады.
Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде бүгінде 612 электронды терминал бар.
Қызылорда облысының түзеу мекемелерінде сотталғандардың электронды талап-арызын жолдауға арналған 14терминалдар, 1290 бейнебақылау камералары штаттық режимде жұмыс жасауда.
Омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша өкілі тарапынан облыстағы түзеу мекемелерінде қамаудағылардың құқықтарын қорғау бағытында барулар жүргізуде.
Мәселен, бару барсында қамауда отырған бір азамат жанындағы ІІ топ мүгедек сотталушының санитарлық жағдайын жақсартуға көмек сұрады.
Жеке қабылдаудан кейін Өкіл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ұсыныс жолдады.
Нәтижесінде қамау орнында пандус орнатылды, сондай-ақ түзеу орнында мүгедекті бар жандарға арнайы демалыс бөлме ашылды.
Қамаудағылардың құқықтары мен оларды ұстау жағдайларының сақталуын бақылау үшін түзеу мекемелеріне барулар жалғасын табатын болады.
Берікбол Байхожаев6
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
Қызылорда облысы бойынша өкілі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!