Сәрсенбі, 05 қараша, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қанат Сахария: Қазақтілді контент – ақпараттық тәуелсіздіктің негізі

05.11.2025

43 0

Фото: Арман Мухатов

Astana Media Week 2025 аясында «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС бас директоры Қанат Сахария қазақтілді интернет-контент туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орта Азиядағы маңызды медиа жиында сала өкілдері қазақстандық контент өндірісіндегі қаржылық теңсіздік пен саланың қазіргі жағдайын талқылады. Спикерлердің айтуынша, шетелдік медиа индустрияға құйылатын қаржы көлемі Қазақстанмен салыстырғанда бірнеше есе көп.

Біз 100 доллар жұмсасақ, олар 2000 доллар салады. Олар бір материалды дайындау үшін айлығы 1000 доллардан бес адам ұстайды, ал бізде айлығы 1000 доллар бір адам бес материал жасап жүр. Жағдай осындай. Соның салдары – сапа мен бәсекеге әсер етеді, – деді спикер.

Пайымдауынша, қазақтілді интернет-контентті көбейту – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болуы тиіс. Алайда медиа нарықта жарнама қаражатының шетелдік платформаларға кетуі бұл бағыттың дамуына кедергі келтіріп отыр.

Жарнама берушілер цифрға кетті. Ал ол ақша қайда барады? Meta, Instagram, Facebook, YouTube, TikTok – бәрі шетелдік алаңдар. Қазақстандық БАҚ-та азғантай жарнама ғана қалды. Телеарналар, газеттер, аймақтық медиа күнін әрең көріп отыр. Себебі бұл жерде толыққанды индустрия жоқ, – деді ол.

Спикер мемлекеттік қолдау мен салық саясатына да назар аударды.

Қазіргі Салық кодексі медиаға қиын жағдай жасап отыр. Жеке кәсіпкерлер ҚҚС төлемейді, сол себепті біз олардың шығындарын ресми өткізе алмаймыз. Нәтижесінде мемлекетке төленетін салық көлемі бірнеше есе өсті. Оның үстіне мөлшерлеме 12%-дан 16%-ға көтерілді. 2000-жылдары БАҚ үшін нөлдік салық болған кезде біз дамыдық, – деді ол.

Ол журналистердің қаржылық жағдайын жақсарту – ақпараттық қауіпсіздіктің кепілі екенін айтты.

Мен әрқашан айтамын: журналистер – жарықтың сарбаздары. Өз журналистеріңді қолдамасаң, басқа елдің пропагандистерін тамақтандырасың. Журналистің жалақысы мен тұрақтылығы болмаса, саланың да, қазақтілді контенттің де дамуы қиын. Ал жақсы контент – ақпараттық тәуелсіздіктің негізі, – деді Қанат Сахария.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: