Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қаншаға өсетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңге», – деп жауап берді министр Үкімет отырысында.
Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10-нан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылғанын айтты.
«70 пайыз – бұл қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10 пайыз – бұл басшы құрамы үшін, бұл өрт сөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары», – деп түсіндірді Ильин.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!