Қарағанды облысында жолаушылар пойызы мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 00:54-те Ақадыр – Қарағанды учаскесінің Жарық-Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде болған.
92 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі Mazda маркалы жеңіл автокөліктің жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданған. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған.
Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушісі мен екі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмған. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілген.
«ҚТЖ «ҰК» АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады және жол қозғалысының барлық қатысушысын теміржол өткелдерінің жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Түнде апат қаупі артқан кезде ерекше назар аудару қажет», – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!