Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қарағандыда 35 бала адасып кетті

25.08.2024

346 0

Фото: Қарағанды облысы ПД

Қарағандыда полицейлер ата-аналарға 35 баланы қайтарды, – деп хабарлайды Massaget.kz

Қарағанды облысында тұрғындар кеншілер күнін атап өтті. Іс-шаралар бірнеше тау-кен қалаларында өтті.

Халық саны миллионға жеткен Қарағандыда 24 тамызда кешке мерекелік концерт өтті, оған жергілікті эстрада жұлдыздарының ғана емес, қазақстандық және ресейлік жұлдыздар да қатысты.

Қаланың орталық алаңында 50 мың көрермен жиналды. Қоғамдық тәртіпті қорғауға 500-ден астам полиция қызметкері келді.

Концерт барысында 35 бала ересектердің қарауынсыз қалып, адасып кетті. Полицейлер көмекке келді. Барлық бала ата-аналарына қайтарылды.

Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, мұндай ауқымды іс-шараны өткізу кезінде бірде-бір құқықбұзушылыққа жол берілмеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: