Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында орналасқан мешіттердің бірінде өрт шықты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«Первый Карагандинский» телеарнасы мәліметінше, оқиға салдарынан Томар кентіндегі жергілікті мешіт толығымен өртке оранған.
Өрт мешіттің іші бос болған кезде, алдыңғы күні түнде шыққан.
«Өрт ғимаратты тез шарпыды, қалың түтін алыстан көрінді», – деп жазылған ақпаратта.
Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенге дейін өртті сөндіруге тырысқан, бірақ олардың күш-жігері жеткіліксіз болған.
Өрттің себептері анықталып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!