Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 09:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қарағандыда тұрғын үйден шыққан өрттен 6 адам қаза тапты

16.12.2022

750 0

Арасында екі бала бар: Қарағанды облысында тұрғын үй өртеніп, алты адам қаза тапты

Қарағанды облысында Ақтау кентінде бес қабатты тұрғын үй өртеніп, салдарынан бес адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің төтенше жағдйлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін түнгі сағат екіде болған. Теміртау қаласы маңындағы Ақтау кентінде (жақын жердегі өрт сөндіру бөлімінен 27 шақырым жерде) 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына жарты сағатта жеткен. Анықталғандай, бірінші қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде 40 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

«Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар 5 адамның мәйітін (2007, 2010 жылғы ұлдар, 1983, 1991 жылғы әйелдер, 1991 жылғы ер адам) кіреберістен көшеге алып шықты. Қаза болғандар жоғарғы қабаттағы пәтерлерден түтін басқан кіреберіс арқылы өз бетінше эвакуацияланбақ болған»,  – делінген хабарламада.

Баспалдақ алаңында қызыл жалын болмаған, алайда түтіннің көп мөлшердегі концентрациясы салдарынан тұрғындар далаға шығып үлгермеген.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде барлау және жанып жатқан пәтердегі өртті сөндіру барысында 6-шы марқұмның (1977 жылғы ер адам) денесі табылды. Үш адам ауырлығы орташа әртүрлі дене жарақатын алған.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер баспалдақ және тыныс алу аппаратының көмегімен түтін басқан пәтердің кіреберісінен 10 адамды, соның ішінде 4 баланы құтқарды. Тілсіз жау 03:10-да оқшауланып, 04:00-де сөндірілді.

Өртті жоюға Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өртке себеп болған жағдайларды зерделеу үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов барды.

Оқиға орнында сынақ өрт зертханасының мамандары мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Өрт фактісі бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: