Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана қаласында ерлер арасындағы аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додаға 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде қарағандылық құтқарушы Марат қатысты Сражатов. ТЖД қызметкері үш жекпе-жекті де сенімді түрде мерзімінен бұрын аяқтап, ел чемпионы атанды. Осылайша ол әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!