Жұма, 25 шiлде, 18:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Кәріз құдығына түскен екі жұмысшы газдан уланып көз жұмды

24.07.2025

181 0

Оқиға орны. Кадр: "КТК" арнасы

Қарағандыда кәріз құдығынан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды «КТК» арнасы.

«Шұңқырға бірінші түскен адам есінен танып құлаған. Ал менің ұлым оны жоғарыдан көріп, қоса түскен. Негізі ол оның ішіне түспеуі керек болатын. Бірақ әріптесін құтқарғысы келген. Ұлым қызметіне әрқашан сақ болатын. Өзі коммуналдық салада көптеген жігіт қайтыс болғанын үнемі айтушы еді», – дейді марқұм Е. Макеевтің анасы Валентина Макеева.

Қайғылы оқиға, құбыр құдығын тазалап жатқанда болған. 29 және 46 жастағы қос жұмысшы оқиға орнына қызмет бабымен барған. Коммуналдық салада бірі алты жыл, енді бірі 24 жыл слесарь қызметін атқарған. Құбыр құдығын тазалауға төрт адам болып барған.

Кейін жұмысшылардың бірі шұңқырға түскен. Сол сәтте тұншығып құлап, оны құтқаруға екінші жұмысшы ұмтылған. Өкінішке қарай, екеуі де өткір иістен уланып, шұңқырдан шыға алмай қалды. Жұмысшылар метан газынан уланған деп болжанып отыр.

Қазір арнайы комиссия құрылып, еңбек инспекциясы тексеріп жатыр. Полицейлер қылмыстық іс қозғап тергеу бастады. Ал «Қарағанды су» компаниясының басшылығы марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі деп отыр.

«Компания тарапынан қолдау болады. Марқұмдардың отбасына жан-жақты көмектесеміз. Қазір төленетін қаражаттың мөлшерін анықтап жатырмыз. Бізде мұның бәрі қарастырылған. Марқұмдардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Бұл бізде болған алғашқы қайғылы жағдай», – дейді «Қарағанды су» компаниясының бас директоры Ербол Төлеуов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: