Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қарапайым заттар экономикасы: Бағдарлама жүзеге асуда, нәтиже қалай?

12.12.2020

2539 0

Өзіміздің өнім. Базардағы сатушыдан осы бір сөзді естісеңіз сондай бір жылы, қуана қабылдайтыныңыз сөзсіз. Соңғы кезде өзімізде өндірілетін өнімнің қатары көбейе бастады. Бұл «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасының елімізде жүзеге аса бас­тауының нәтижесі.

Атап айталық, Елбасы тапсырмасымен 2019 жылдан бастап «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы бойын­ша жеңілдетілген несие беру үшін ел қазынасынан 600 млрд теңге қаржы бөлінді. Ал 2020 жылы қаржыландырудың жалпы сомасы 1 трлн теңгеге артты. Жалпы отандық өнімді қолдау, импортқа тәуелділікті азайтуды көздеген бағдарламаның Сыр өңірінің бас шаһарында жүзеге асу барысы қалай? Бағ­дарлама қаншалықты нәтиже беруде?

Өткен жылы ел Үкіметінің қаулысымен «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдар­ламасы бойынша басымдық беріл­ген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының талаптары бекітілді. Бағдарламада азық-түлік тауар­лары, азық-түліктен басқа тауарлар, оның ішінде киім және аксессуарлар, үйге және кеңсеге арналған бұйымдар, құрылыс материалдары бойынша өндірілетін барлығы 46 тауарлар тобының ішінен 133 экономикалық қызмет түрлеріне басымдық берілген.

Ел экономикасы серпін берер бағдарлама­ның жүзеге асуы үшін Қызылорда қаласында да бірқатар нақты жұмыстар атқарылды. Бағдарлама аясында жүзеге асатын жобаларға қалада орналасқан «Өндіріс» индустриялық аймағына орналастыруға мүмкіндік жа­салған. Индустриялық аймақ бюджет қар­жысы есебінен қажетті коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.

Бағдарлама аясында жүзеге асқан жоба­ларды несилендіру  бойынша қалада жалпы құны 2 млрд 604 млн теңгені құрайтын 34 жоба қолдау тапқан. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарында жоба құны 1 млрд 600 млн теңгені құрайтын 4 жобаның құжаты қаралуда. Мұнан бөлек жоба құны 675 млн теңгені құрайтын 7 жобаның құжаттары жинақталуда. Бұл цифрлар қаламызда «Қарапайым заттар экономи­касын дамыту» бағдарламасының нәтижелі жүзеге асып жатқанын байқатады.

Қала кәсіпкерлері үшін бағдарлама насихаты да өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері қала әкімдігінің бастамасымен «Қарапайым заттар экономи­касын дамыту» бағдарламасының мүмкіндігі мен тиімділігін түсіндіру мақсатында қала кәсіпкерлеріне арналған түсіндіру шаралары тұрақты өтуде. Сондай-ақ қалаға қарасты елді мекендерде көшпелі семинарлар ұйымдастырылуда. Мұның барлығы бағдар­лама игілігінің елдегі кәсіпкерлерге жеткізу мақсатында екені даусыз. Ендігі мәсе­ле – бағдарламаның нақты нәтижесі. Алдағы уақытта оқырмандар үшін бағдарлама аясында жүзеге асқан жобалар жайында жазатын боламыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: