Сейсенбі, 26 қараша, 03:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қараусыз ғимараттарды паналаған: 15 жасында ана атанған қыз сәбиімен көшеде қалды

15.11.2021

2068 0

15 жаста ана атанған қыз қолындағы сәбиімен жарты жыл бойы қараусыз қалған ғимараттарды паналап жүрген. Нақтырақ айтсақ, Шымкент қаласында. Босанғаннан кейін үш аптадан кейін қыз басындағы баспанасынан да, туыстарының қолдауынан да айырылған, деп хабарлайды 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бөлімі.

Алғашында әкесі отбасын ұятқа қалдырдың деп қызынан теріс айналған. Қазір қыз Шымкенттегі «Көмек» қол ұшын беру орталығында тұрып жатыр.
15 жастағы Гүлмираны өмір ерте есейткен. Бірінші анасы бес қызымен отбасын тастап кеткен. Ал әкесі балаларын интернатқа өткізіп жіберген.

Бойжеткен баласының әкесімен сол жерде танысады. Өзінің жүкті болғанын ол үйде отырған уақытта, сабақтың барлығы онлайнға көшкен кезде білген. Әкесі қызын әулетті ұятты етті деп анасына жібереді, алайда анасының да қызының тәрбиесімен айналысуға аса құлшынысы болмаған. Жасөспірімдердің ата-аналары мәселені бейбіт жолмен шешуге келіседі. Әкесі қызының қалыңмалын алып алады.

«Ол 2 млн теңге тұратын жерді алған. Жігіттің анасы қызды қабылдайды», – дейді Шымкенттегі орталықтың директоры Малика Жүсіпова.

Гүлмира ұлын №2 қалалық перзентханада дүниеге әкеледі. Дәрігерлер кәмелетке толмаған жас ана туралы полиция мен қамқоршылық органдарына хабарлауға тиіс болған. Бірақ орталық қызметкерлерінің айтуынша, олар мұны жасамаған, тіпті баланың тууы туралы анықтамасын да бермеген.

Босанғаннан кейін үш аптадан кейін жас ана сәбиімен бірге көшеде қалады. Жарты жыл бойы оған қамқор адамдар көмектесіп келген. Қандай қиыншылық болса да, ол ұлын тастамаған. Екі айдан бері бойжеткен «Көмек» орталығында тұрып келеді.

«Бұл жер маған ұнайды, олар бізге ұлымыз екеумізге көмектеседі. Менің бар арманым – дұрыс өмір сүру», – дейді 15 жаста ана атанған Гүлмира.

Ресми қамқоршысы болмағандықтан, Гүлмира баласын алып алады деп қатты қорқады. Орталықтың қызметкерлері Гүлмираның анасын қызы мен немересін қамқорлығына алуға көндіргісі келеді.

«Қыздың анасына қатысты қиындықтар туындап жатыр, ресми жұмысқа орналасуы қажет, ал анасының тұрақты жұмысы жоқ. Ол еркін жүріп үйреніп қалған. Сондықтан анасының мінез-құлқы қандай болатынын дұрыс білмейміз. Қазір психологиялық- педагогикалық көмек көрсетіліп жатыр», – дейді орталық директоры Малика Жүсіпова.

Сондай-ақ қоғам белсенділері Гүлмираға баспана алу үшін әкесінен екі миллион қалыңмалды қайтарып алуды көздеп отыр.

Қыздың өзі визажист болуды армандайды және колледжге түсу жоспарында бар. Бауырларын да интернаттан шығарып алсам дейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: