Сейсенбі, 30 қыркүйек, 20:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Қариясын сыйлағанға қасиет қонар

30.09.2025

55 0

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен түрлі салада абыройлы қызмет атқарып, аймақ дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер шаһардың жаңадан бой көтерген, құрылысы қайта жанданған нысандарын аралады.

Қариясын сыйлағанға қасиет қонар

Шара аясында ардагерлердің алғашқы аялдамасы – жуырда ашылған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық академиясы болды. Мұнда олар жас дарындардың өнерімен танысып, академияның заманауи жабдықталған оқу сыныптары мен шығармашылық залдарын аралап көрді.

Қариясын сыйлағанға қасиет қонар
Қариясын сыйлағанға қасиет қонар
Қариясын сыйлағанға қасиет қонар

Одан кейін ардагерлер облыс орталығында жаңадан іске қосылған нан зауытына барды. Бұл да өңір үшін маңызды жаңа нысанның бірі саналады. Зауыттың жұмысымен танысу барысында аға буын өкілдеріне заманауи технологиялар арқылы нан және кондитерлік өнімдердің қалай дайындалатыны көрсетілді. Ардагерлер сапасы жоғары өнім шығаруға бағытталған бұл кәсіпорынның аймақ халқын отандық өніммен қамтамасыз етуде зор рөл атқаратынын атап өтті.

Қариясын сыйлағанға қасиет қонар
Қариясын сыйлағанға қасиет қонар

Келесі нысанда ардагерлер қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдениет және демалыс саябағын тамашалады.Жаңарған саябақта демалушыларға қолайлы жағдай жасалып, серуен аймақтары, балаларға арналған ойын алаңдары мен спорттық жаттығу орындары абаттандырылған. Ардагерлер саябақтың көркейген келбетін жоғары бағалап, тұрғындар үшін осындай жайлы ортаның жасалғанына ризашылықтарын білдірді.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: