Сәрсенбі, 05 қараша, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қармақшы ауданында елді мекендерді газдандыру жұмыстары жүргізілуде

22.07.2025

100 0

Қармақшы ауданында елді мекендерді газдандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында аудан әкімі Жандос Еркінбек мәлімдеді.

– Қазіргі таңда Дүр Оңғар ауылына газ тарту жобасы жүзеге асуда. Жоба аясында 86,9 шақырым газ құбыры жүргізіліп, 3 газ реттегіш шкафты пункт орнатылады. Сонымен қатар, Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Бүгінде аудан халқының 78 пайызы табиғи газды тұтынып отыр. Жобалар толық іске асқанда бұл көрсеткіш еселене түспек, – деді Жандос Еркінбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: